Бірнеше министрлік басшыларының кандидатуралары келісілді

Күні: 18:35, 25-02-2019.

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – ҚР мәжілісі денсаулық сақтау, білім және ғылым, ақпарат және қоғамдық даму, мәдениет және спорт, энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлерінің кандидатурасы келісілді, деп хабарлады мәжіліс баспасөз қызметінен.
«Бүгін экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі мәжіліс комитетінің отырысы болды, отырыста ҚР «ҚР парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес денсаулық сақтау, білім және ғылым, ақпарат және қоғамдық даму, мәдениет және спорт, энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлерінің кандидатурасы келісілді», - делінген хабарда.
Сонымен, премьер-министр кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдембергенов Қазақстан премьер-министрінің тапсырмасы бойынша комитет мүшелеріне Елжан Біртановты денсаулық сақтау министрі, Күләш Шәмшидинованы білім және ғылым министрі, Дәурен Абаевты ақпарат және қоғамдық даму министрі, Роман Склярды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Қанат Бозымбаевты энергетика министрі қызметіне тағайындау үшін ұсынды. Ал Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрі қызметіне ұсынылды.
«Талқылаудан кейін және сұрақтар қойылып, жауап алынғасын қарауға енгізілген кандидатуралар тиісті министрліктердің министрлері қызметіне тағайындауға енгізілді», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: