Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң көп қазақстандықтардың цифрлы құжатындағы туған күні өзгеріп кеткен

    Астана.1 наурыз.ҚазТАГ- Алена Субботина. eGov.kz сайтында және  қолданбасында, сонымен қатар белгілі банктердің бірінде "Цифрлық құжаттар" бөлімінде қазақстандықтардың туған күні бір күнге артқа шегерілген, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   «Кейбіреулерде жеке куәлікте туған күні өзгерген»,- деп жазды әлеуметтік желіде.
   Еске салайық, бірыңғай уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты 2024 жылы 1 наурызда сағат 00:00-де сағат тілі қайта 23:00-ге ауысты.

adimage