Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен 100 млн теңге пара алған әйелге қатысты тергеу аяқталды

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ- Астанада Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен 100 млн теңге пара алған әйелге қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша астананың "Г" тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталуға Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікке ілінді. Күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша да сараланған. Оған қатысты "Қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу аяқталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүргізіліп жатыр", - делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Фото көзі: Фото из открытых источников.


adimage