Бішкекте 3-6 қазанда ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының күзгі сессиясы өтеді

Күні: 17:52, 01-10-2018.

Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ – Бішкекте 3-6 қазанда Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) парламенттік ассамблеясының күзгі сессиясы өтеді, деп хабарлады ҚырТАГ.  
«Бішкекте ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының күзгі сессиясы өтеді, оған Еуропаның, Азия мен Солтүстік Американың 57 елінен 300 парламентарий қатысады», - делінген Жогорку Кенешінің баспасөз қызметінен.  
Сессия Орталық Азия мен оның сыртындағы қауіпсіздік мәселелеріне арналады.  Конференция барысында қатысушылар сенім мен өңірлік ынтымақтастықты нығайту арқылы шекаралас аудандардағы жаңа қауіп-қатерлермен күрес мәселесін, көші-қон, адам саудасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы проблемаларды талқылайды.


Жаңалықтармен бөлісу: