Бішкекте қалың жауған қардан «Манас» әуежайы жабылды

Күні: 12:23, 06-02-2019.

Алматы. 6 ақпан. ҚазТАГ – Бішкекте қалың жауған қардан «Манас» әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлады «МАМ» ААҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚырТАГ.
«Манас» әуежайы бүгін, 6 ақпанда, сағат 6:30-да қалың жауған қардан өз жұмысын уақытша тоқтатты. Рейстер қабылданбайды және ұшырылмайды. Әуежай 11.00-ге дейін уақытша жабық. Сондықтан 10 рейс уақытша тоқтатылды», - делінген хабарда.
Ташкенттегі қосалқы әуежайға Ыстамбулдағы «Түрік авиалиниясы» компаниясының және Дубайдан Fly Dubai рейсі жолданды.


Жаңалықтармен бөлісу: