Бішкекте иттерге арналған дәмхана ашылады

Күні: 12:09, 04-11-2014.

Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ – Энтузиастар келесі жылы Бішкекте иттерге арналған дәмхана ашпақшы, деп хабарлады ҚырТАГ.
«Келесі жылы жазда біз Бішкекте иттерге арналған дәмқана ашпақшымыз. Бұл идея жаңалық емес, бүкіл әлемнің ірі қалаларында осындай мекемелер бар, ал ондай мекеме неге бізде болмасқа? Ит жетіқазынаның бірі болса, ол толығымн отбасының мүшесі, онымен ит иесі осындай кафелерде неге отырмасқа, итіне тәтті тағамдар әпермеске?», - деді бастамашыл топтың бір мүшесі Ислам Сатаров.
Оның айтуынша, иттерге арнайы мәзір дайындалады. «Иттерге арналған тағамда ет те, сүйектер де болады, ал бағасы қымбат болмайды», - деді келешек иттер кафесінің иесі.


Жаңалықтармен бөлісу: