Бішкекте ШЫҰ қорғаныс ведомстволарының басшылары қауіпсіздік мәселесін талқылады

Күні: 12:08, 30-04-2019.

Алматы. 30 сәуір. ҚазТАГ - Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) қорғаныс ведомстволарының басшылары қауіпсіздік мәселесін талқылады, деп хабарлады Қырғыз телеграф агенттігі (ҚырТАГ).
«Бішкекте 29 сәуірде ШЫҰ мүше мемлекеттерінің қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті. Қорғаныс ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселесін талқылады. Осы саладағы ынтымақтастықты ары қарай нығайту аспектілері қаралды», - деп хабарлады сейсенбіде ҚР ҚК бас штабының баспасөз қызметінен.
Кеңес қорытындысы бойынша 4 құжатқа қол қойылды, оның ішінде 2020-2021 жылдарға арналған ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастық жоспары, хаттама мен ортақ коммюнике.
«Кеңес қорытындысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының ықпалдылығын және оның халықаралық қауіпсіздік мәселесін шешудегі маңызды рөлін байқатты», - деді ҚР ҚК бас штабының басшысы генерал-майор Райимберди Дуйшенбиев.
Еске салсақ, ШЫҰ мүше мемлекеттері құрамына 8 ел кіреді: Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан; 4 ел ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие елдер - Ауғанстан, Беларусь, Иран, Моңғолия.


Жаңалықтармен бөлісу: