Бішкекте тар құрамдағы ШЫҰ мүше-мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды

Алматы. 14 маусым. ҚазТАГ – Бішкекте «Ала-Арча» мемрезиденциясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының тар құрамдағы мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы басталды.
«ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің басшылары Бішкектегі «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясына ШЫҰ мүше-мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін келді. Конгресс-холл ғимаратында мемлекет басшыларын Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қарсы алды. Бірге суретке түсу рәсімінен кейін делегация басшылары тар құрамда ШЫҰ мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына кетті», - деп хабарлады жұма күні ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
Хабарда нақтыланғандай, отырысқа ҚР президенті Сооронбай Жээнбеков, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Пәкістан премьер-министрі Имран Хан, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қатысып жатыр.

adimage