Бішкектегі митинг: милиция Ала-Тоо алаңында митингіге шығушыларды тарқатып, алаңды қоршауға алды

Күні: 18:34, 17-01-2019.

Алматы. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Бішкекте Ала-Тоо алаңындағы митинг аяқталды, милиция қатысушыларды тарқатып жіберді, деп хабарлады ҚырТАГ.
Бейсенбі күні, 17 қаңтарда, Бішкекте Ала –Тоо алаңында қытайлық экспансияға қарсы митинг өтті.
Милиция митингке қатысушыларды тарқатып жіберді, бірнеше адам ұсталды. Алаң айналасы қоршауға алынды.
Митингке шығушылар этникалық қырғыздардан басқа ҚХР азаматтарына Қырғызстан азаматтығын беруге мораторий жариялауды, қытайлық кәсіпорындарды заңсыз мигранттардың бар-жоғына тексеретін комиссия құруды, көші-қон заңнамасында бұзушылықтарға жол берген шенеуніктерді жауапқа тартуды талап еткен. Сондай-ақ, төлқұжатқа «ұлты» деген бағанды қайтаруды талап еткен.
Өз талаптарын олар парламенттің вице-спикері Мирлан Бакировқа жолдады.


Жаңалықтармен бөлісу: