Қазақстан бітімгершілік миссияларын жүргізудегі БҰҰ реформасын қолдайды – Тоқаев

Астана. 28 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан бітімгершілік миссияларын жүргізудегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) реформасын қолдайды, деп мәлімдеді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының міндеттері мен мақсаттарын құрметтейді. Біз БҰҰ Бас хатшысы ұсынған реформаларды, соның ішінде бітімгерлік миссияларды қолдаймыз. Біз бітімгерлік қызметтің тиімділігін арттыру үшін ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Өкінішке қарай, қазіргі әлем өте құбылмалы болып тұр. Сондықтан, біздің бірлескен қызметіміз жер шарын мейлінше тұрақты әрі қауіпсіз етеді деп үміттенемін», - деп келтірген Ақорда Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Атул Харемен және Жан-Пьер Лакруамен кездесуіндегі сөздерін.
Өз кезегінде Атул Харе БҰҰ аясындағы бітімгерлік операцияларға қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді.
Сонымен қатар кездесу барысында бейбітшілікті қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қауіпсіздік және ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

adimage