Биыл Атырау облысында 1 қыркүйекте 100 мыңнан астам оқушы парталарға отырады

Атырау. 20 тамыз. ҚазТАГ – Биыл Атырау облысында 1 қыркүйекте 100 мыңнан астам оқушы парталарға отырады, деп хабарлады облыстық білім басқармасының бастығы м.а. Шәкіржан Мырзағалиев.  
«Жаңа оқу жылында мектепке 106 мыңнан астам оқушы барады. Былтырғымен салыстырғанда оқушылар саны 6 мыңға артық. Облыста бірінші сыныпқа 13 мың бала барады», - деді Ш. Мырзағалиев мұғалімдердің тамыз айындағы конференциясында.
Оның айтуынша биыл облыстағы мектептерді 4828 жасөспірім тәмамдады, 3527 (74,8%) оқушы ҰБТ-ға қатысты.
«ҰБТ-ға қатсушылар саны жағынан біздің облысымыз республикада 4-ші орында болды. ҰБТ өңірдің 8 пунктында өтті. ҰБТ өткізу кезінде 219 бұзушылық анықталды, 6 мектеп бітіруші оқушы емтиханға тыйым салынған жабдықтар алып өткені үшін аудиторияялардан қуылды», - деді Ш. Мырзағалиев.
Сондай-ақ ол, оқушылар ҰБТ-да ең жоғарғы баллды (21 балл) қазақ тілінен алғанын қадап айтты.
«Сонымен қатар облыстың 143 оқушысы әр түрлі республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысты. Олардың ішінде 81-і жеңімпаз деп танылған», - деді Ш. Мырзағалиев.

adimage