Биыл ОҚО-да 70 мың тонна ет, 90 млн жұмыртқа, 200 мың тонна сүт өндірілді

Шымкент. 5 маусым. ҚазТАГ  Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 70 мың тонна ет, 90 млн жұмыртқа, 200 мың тонна сүт өндірілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
«ОҚО-да биыл 90 млн жұмыртқа өндірілді. Сонымен қатар, облыста 70 мың тонна ет пен 200 мың тоннадан астам сүт өндірілді. Осындай нәтижеге қол жеткізуіміз өңірде жүзеге асырылып жатқан мал шаруашылығын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған шараларының арқасы», - деп хабарлады баспасөз қызметінен жұма күні.  
Оған қоса осы шараларды жүзеге асыру  4482 адамды жұмысқа орналастыруға ықпалын тигізді. Облыстық ауыл шаруашылық департаментінің ақпарынша, өңірде шамамен 100 мыңдай ірі-қара мал, 50 мыңдай қой мен қозы және 250 мыңда жылқы бар. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір облыстағы мал саны 1990-шы жылдардағы санға жетпесе де соған едәуір жақындап қалыпты. Мамандардың айтуынша, осы атқарылып отырған шаралар Қазақстанның ет экспортының әлеуеттін арттыруға өз септігін тигізеді. Облыста асыл тұқымды мүйізді ірі-қара мал бағумен айналысатын шаруа қожалықтарының саны артып келеді. Мамандар осы атқарылып жатқан шаралар арқасында келешекте облыста малдарды асылдандыру қолға алынбақшы дейді.

adimage