Биыл ОҚО спортшылары 307 алтын медаль жеңіп алыпты

Шымкент. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары биыл 307 алтын медаль жеңіп алыпты, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Биыл ОҚО спортшылары 307 алтын медаль жеңіп алды. Одан басқа оңтүстікқазақстандықтардың қоржынында 296 күміс медаль мен 291 қола медаль бар. Жігіттер ондай олжаны әр түрлі чемпионаттар мен Қазақстан біріншіліктерінде спорттың 58 түрінен жинапты», - дейді баспасөз қызметінен.
ОҚО спортшылары Ахзия чемпионаттарында да табыспен өнер көрсетті, онда олар 33 алтын, 24 күміс, 23 қола медаль жеңіп алды.
«Әлем біріншіліктерінде де табысты болды. Оларда спортшылар 13 қола, 7 күміс, 9 алтын медаль жеңіп алды», - деді баспасөз қызметінен.
Әкімшіліктен атап кеткендей, биыл өңірде халықаралық класстағы 20 спорт шебері, Қазақстанның 94 спорт шебері мен  925 спорт шеберлігіне кандидаттар дайындалды.
Сондай-ақ биыл әр деңгейдегі турнирлерді қабылдауға арналған спорттық нысандар салынғаны айтылады. Мысалы, жоғарғы спорт шеберлік мектебі және оқ ататын тир үшін ғимарат салынғаны, ескекшілерге Бадам су қоймасында база құрылысы басталғаны айтылады.

adimage