Биыл ОҚО Төлеби ауданында Т6,5 млрд сомасындағы ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді

Шымкент. 27 тамыз. ҚазТАГ – Биыл ОҚО Төлеби ауданында Т6 млрд 455 млн сомасындағы ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Биыл Төлеби ауданында Т6 млрд 455 млн сомасындағы ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді. Ауданда мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен 614 бас ірі-қара мал сатып алынған. Ол жоспарды бірнеше рет артығымен орындауға мүмкіндік берді. Аудан мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көрсеткіштерімен мақтан ете алады. Мысалы, олардың сомасы 6 млрд 194 млн теңге болды», - деп мәлім етті облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.  
Хабарда айтылғандай, Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында кәсіпкерлік саласында 15 мың субъекті бар. Аудандағы шағын және орта бизнес биыл Т19 млрд 965 млн сомалық өнім өндірді. Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен атап өткендей, бұл көлем былтырғыдан Т936 млн артық.
Ауданда тек кәсіпкерлікті қолдау бойынша ғана жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ, сонымен қатар инфрақұрылымды қолдау жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, биыл 3 ауылға газ жүргізіліп, ол Төлеби ауданының халқын 82% газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Одан басқа аудандағы тұрғындар мен кәсіпкерлерді ауыз сумен қамтамасыз етуде үлкен шаруалар тындырылды.
Мысалы, Төлеби ауданында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосу үшін 55 елді мекеннің 51-не биыл құбыр тартылды.  
Баспасөз қызметінен атап өткендей, аудан мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын іске асыру бойынша да үлкен жетістіктерге жетті. Биыл мектепке дейінгі үш мекеме пайдалануға тапсырылды. Енді балаларды балабақшалармен қамтамасыз ету көрсеткіші 80%-ды құрайды.
Еске салсақ, «Сыбаға» бағдарламасымен Сайрам ауданында 300 бас ірі-қара мал сатып алынған. Бұрындары облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тапсырма 194% орындалды. Түлкібас ауданында «Сыбаға» бағдарламасымен 281 бас ірі-қара мал сатып алынды. Ордабасы ауданында осы бағдарламамен жоспар 83,2% орындалып, 957 бас аналық және 32 бас асыл тұқымды ірі-қара мал сатып алынды.

adimage