Біз 12 жылдық білім беруге өтуге жан-жақты дайындалуымыз керек – ҚР БҒМ

Күні: 17:12, 05-12-2019.

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Біз 12 жылдық білім беруге өтуге жан-жақты дайындалуымыз керек, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
«Және 12 жылдық туралы айтқанда (12 жылдық білім беруге көшу – ҚазТАГ), білім саласында асығыс шешім болмауы керек. Біз алдымен жан-жақты дайындалуымыз  керек. Педагогтарды да, базаны да, ресурсты да дайындауымыз керек, тек сосын барып көшуіміз керек», - деді Аймағамбетов бейсенбіде сенат кулуарында.
Ол аталмыш мәселе бойынша ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан сөздерін еске салды.
«Сіздер алдымен материалды-техникалық базаны әзірлеңіздер, кластарда отырған бала санының көптігі мәселесін шешіңіздер, мұғалімдерді, оқулықтарды, бағдарламаны дайындау керек, сосын барып көшіңіздер», - деп келтірді БҒМ басшысы президенттің сөзін.
«Сондықтан, шартты түрде ертең немесе келесі жылы 12 жылдыққа көшу (керек – ҚазТАГ) туралы әзір сөз қозғамаймыз», - деді ведомство басшысы.


Жаңалықтармен бөлісу: