Біз қоғамды татулыққа, бірлікке, пәтуаға шақыруымыз керек - Тоқаев

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Біз қоғамды татулыққа, бірлікке, пәтуаға шақыруымыз керек, деп мәлімдеді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Халықты татулыққа, бірлікке, пәтуаға шақыру керек. Қазіргі уақытта дүние жүзінде әртүрлі жат үдерістер пайда болып жатыр. Сондықтан бұған тыйым салып, жол бермеуге тиіспіз. Ел мүддесіне қызмет етіп, осы бағытта дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажет», - деп келтірілген Ақорда баспасөз қызметінің хабарында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзірет-Сұлтан мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесуіндегі сөздері.
Хабарда атап өтілгендей, кездесу барысында елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, дін арқылы азаматтарды келісім мен ынтымаққа шақыру, рухани бағдар беру қажеттілігі мен жат діни ағымдардың зиянды әрекеттері жайында айтылды.
«Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы ақпараттық және ұйымдастырушылық жұмыстары мен қайырымдылық шараларының жоспарын таныстырды. Басқарма жұмысы имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік және әділдік сияқты жеті рухани қазыққа негізделмек», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 7 ақпанда Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Қазақстанның бас муфтиі болып Наурызбай қажы Тағанұлы.

adimage