Бізде Одақтас мемлекеттер Ресей мен Беларусияға бірігетін жоспар жоқ – Тоқаев

Алматы. 3 маусым. ҚазТАГ – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Одақтас мемлекеттер Ресей мен Беларусияға бірігетін жоспары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады «Комсомольская правда».
«Қазақстан екіжақты форматта секілді, интеграциялық бірігу аясында да (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД) Ресей және Беларусиямен белсенді ынтымақтастық танытып келеді. Біздің Ресей мен Беларусияның Одақтас мемлекетіне қосылу жоспарымыз жоқ. Басым бағыт – жоғарыда аталған ұйымдар аясында интеграцияны ары қарай дамыту», - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, экономикалық одақ ретінде ЕАЭО әлеуетін күшейту Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр.
«Кооперациялық байланыстарды дамыта отырып, тауарлар, қызметтер, жұмыс күшіның жалпы нарығын құра отырып, одаққа мүше мемлекеттердің инвестициялық тартымдылығын күшейте отырып, біз ЕАЭО-ны жаһандық масштабтағы тиімді құрылымға айналдыра аламыз. Бұл бағыттағы жұмыс ақырындап жылжып келеді. 2025 жылы ортақ энергетикалық, қаржылық нарығы қалыптасатын болады. Цифрлық әрекеттістік келешегі бар бағыт болып табылады», - деп атап өтті президент.
Ол «кейде ЕАЭО-да да, тіпті жоғары деңгейде қатты пікір-таластар болып қалатынын» айтты.
«Алайда олар одақты барынша табысты, беделді, тартымды етуге деген ортақ талпыныстан туады. Себебі немқұрайлық – құлдыраудың нақты белгісі», - деп түсіндірді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар ол Қазақстан азаматтары үшін «Ресейдің ең жақын мемлекет болғанын және солай болып қала беретінін» атап өтті.

adimage