Біздің қазақ халқының мемлекеттігі өте тереңде жатыр, деп есептейді қызылордалық ғалым

Қызылорда. 23 қазан. ҚазТАГ – Біздің қазақ халқының мемлекеттігі өте тереңде жатыр, деп есептейді Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих, құқық және экономика факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Айтжан Оразбақов. Ол бұл туралы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған брифингте мәлім етті.
«Біздің қазақ халқының мемлекеттігі өте тереңде жатыр. Соңғы кездері оның екі жарым мың жылдық тарихы бар екендігі айтылып жүр. Орта ғасыр зерттеушілерінің жазбаларына қарағанда, 1465 жылға қарай құрылған қазақтар мемлекеті өзге елдерге танымал болған. Демек, бұл бұған дейін де мемлекеттігі бар халық болдық деген сөз. Сонан беріде бес жарым ғасыр өтіпті. Осы орайда, Қазақ хандығы дегенде алдымен орта ғасырлардағы Сыр өңірі еске түседі. Сыр елінің орны туралы Елбасымыздың «Сыр - Алаштың анасы» деген бағасы әрдайм есімізде тұрады. Мұның өзі қазақ хандығындағы тарихындағы Сыр өңірінің маңыздылығын дәлелдей түседі», - дейді А. Оразбақов.

adimage