Әблязовтың адвокатына Қазақстан үкіметінің құлшынысы ұнамайды

 

Лондон. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – «БТА банк» АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың адвокаты Англия сотының назарын Қазақстан үкіметінің құлшынысына аударды.

БТА банктің бұрынғы басшысына қарсы арызы бойынша процесс барысында М. Әблязовтың адвокаты Данкан Мэтьюс «қазақ үкіметі сотқа құрмет танытпау бойынша басқа процестермен салыстырғанда, ағымдағы процеске көбірек құлшыныспен қарайды» деді.

Д. Мэтьюстың айтуынша, сот амалы «қамауға алу әдісімен М. Әблязовты Қазақстандағы экономикалық және саяси қызметке қатысу мүмкіндігінен айыруды» мақсат етеді.

Төрағалық етуші судья Тир бұл сөзге «арызданушының процеске құлшыныспен қарауының іске қандай да бір қатысы барын көрмейтінін» айтып жауап берді.

Бұл пікір алмасу түскі үзілістен кейін Крис Хардманнан кезектесіп жауап алу кезінде орын алды.

 

Лондон. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Англия астанасында «БТА банк» АҚ-ның оның бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа қарсы арызы бойынша сот жалғасты.

Дүйсенбі БТА банк жағының куәгері Крис Хардманның сөзі тыңдалды. Оның куәгерлігінде М. Әблязовтың сот бұйрықтарын бұзғаны айтылды, бұл үшін банк қаржы институтының бұрынғы басшысын қамауға алуды талап етіп отыр.

Жауапкердің адвокаты Данкан Мэтьюс арызданушының М. Әблязовтың кінәсін дәлелдеу үшін ұсынған құжаттарға қатысты сұрақтар қойды. Ол сұрақтар М. Әблязов құжаттарын сақтап келген Лондондағы қойма компанияларының бірінің контейнерін санкция арқылы тәркілеу кезінде табылған құжаттарды жариялауға қатысты болды, бұл құжаттардың М. Әблязовтың алаяқтық жолмен тапқан қаржыны жасыру үшін пайдаланған оффшорлық компанияларға қатысы бар.

Сотқа арызданушы тараптың айғақтары ретінде ұсыну үшін құжаттарды іріктеу әдісі туралы сұраққа К. Хардман ответил: «Біз тапқан құжаттардың ішінде бұл процеске тікелей қатысы бар деп есептеген құжаттардың бәрін ұсындық», - деп жауап берді.

Қорғаушы тарап БТА банктің арызында аталған сот қаулыларын бұзу оқиғалары М. Әблязовтың айналасындағы адамдардың әрекеттерінің нәтижесінде болуы мүмкін, ал оның өзі «бұл туралы ештеңе білмеген» деп отыр. Жауапкердің тарабы бұл дәйектерді бұрын да келтірген. Алайда «оны әзірге дәлелдемеген».

К. Хардманнан жауап алынғаннан кейін соттың алдында М. Әблязовтың тарапынан бірінші куәгердің айтқаны тыңдалады. 

Лондон. 1 желтоқсан. ҚазТАГ – Англия астанасында өтіп жатқан сот процесінде Мұхтар Әблязовтың адвокаты Данкан Мэтьюс өзінің клиентіне қарсы айыптауларды дәлелсіз деп атады.

Д. Мэтьюсбір сағаттан артық сөйледі. Ол өз сөзін ағымдағы тыңдаудың А. Әблязовтың кінәсінің нақты дәлелдеріне емес,  жасауға болатын қорытындыларға ғана негізделгенін айтудан бастады.

«Арызданушы мәртебеліге қорытынды жасауды ұсынады, өйткені оларда наразылықтарын қуаттайтын ешбір дәлел жоқ», деді ол.

Сондай-ақ, оның хабарлауынша, жауапкер жақтың (М.Әблязов – ҚазТАГ) арызданушы судьяны итермелеуге тырысып отырған қорытындыларды жоққа шығаруға болатын белгілі бір құжаттары бар.

Д. Мэтьюс ұсынған дәйектердің біріншісі - арызданушы атаған сот қаулыларын бұзудың үш жағдайындағы тұлғалар мен компаниялар үнемі М. Әблязовтың атынан әрекет етпегенін, және ол олардың қандай да бір әрекеттері туралы бейхабар болуы мүмкін.

Адвокат ондай қорытындыға басты мысал ретінде жауапкерлер ретінде тартылып отырған М. Әблязовтың қайнағасы Сырым Шалабаев пен Александр Удовенко (Истбридж Кэпиталдың бұрынғы директоры – ҚазТАГ) М. Әблязовтың атынан және соның нұсқауы бойынша әрекет етті деген сөзді жалған деп атады.

«БТА банк» АҚ бұрынғы басшысының адвокаты келтірген екінші дәйек - М. Әблязовқа қарсы процесс қорқыныш атмосферасында өтіп жатыр. Оның айтуынша, оның клиенті ғана емес, оның айналасындағы адамдар да «қазақ режимі тарапынан кек алынуы мүмкін» деп алаңдайды.

Д. Мэтьюс «активтердің заңсыз экспроприациялау қорқынышы М. Әблязовты активтерді жасыруға, құжаттарды кейіні уақытпен рәсімдеу сияқты әдістерге итермелеген», бұл - арызданушы тағып отырған наразылықтардың бірі. Жауапкердің адвокатының айтуынша, мұндай тәжірибе Қазақстандағы ірі бизнес өкілдерінің арасында кеңінен таралған және ол заңсыз мақсаттарды көздемейді.

М. Әблязовтың өкілі сөзін арызданушының заңгерлері М. Әблязовты қамау туралы қорытындыға қатты тырысып жатыр, ал бұл егер олардың жалғыз мақсаты оның алдағы уақытта сот қаулыларын бұзбауы болса, оларға тән емес деп аяқтады. Ол БТА-ның өтінішін М. Әблязовты Қазақстанда саяси және іскерлік қызметпен айналысу мүмкіндігінен айыру ниеті деп атады.

 

Лондон. 1 желтоқсан. ҚазТАГ – Лондонда «БТА банк» АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа қатысты сот амалы басталды.

М. Әблязов сотқа қатысып, тараптардың сөздерін синхрондық аударманың көмегімен тыңдады. Сот БТА банк заңгерлерінің банктің М. Әблязовты сотқа құрмет көрсетпеуін бірнеше рет қайталағаны үшін қамауға алу туралы сотқа шағым түсіруге негіз болған дәйектерді таныстыруынан басталды.

Бастапқыда банктің арызына сотты құрметтемеудің 70 оқиғасы енгізілген болатын, алайда соттың ұсынысымен оның үшеуі іріктеп алынды.

«Бірінші жағдай – Мұхтар Әблязовтың 2008 және 2009 жылдары жүздеген миллион доллардың мәмілесін жасаған Bubris Investments Limitedкомпаниясының ақырғы иесі болып табылатынын жарияламауы. Сотқа мәліметтерді хабарламаудың бұл фактісі 2009 жылдың 21 тамызында Судья Тир берген активтерді жариялау туралы бұйрығын бұзады», - делінген құжаттарда.

Құрмет танытпаудың екінші фактісі «М. Әблязовтың Англияда өзіне тиесілі жылжымайтын мүлік жоқ деген жалған куәліктері» болып табылады.

БТА банк өз кезегінде бұрынғы банкир Лондонда «Bishops Avenue-дегі құны 17 млн фунт стерлингтен асатын Carlton House-тың және Виндзор сарайының қасындағы құны 18 млн фунттан асатын Oaklands Park иелігінің иесі болып табылады» деп отыр. БТА заңгерлерінің мәлімдеуінше, «ол осы екі объектіні 2006 жылы бірнеше айдың ішінде сатып алған».

Сонымен бірге, М. Әблязов БТА банктің мәліметтері бойынша иелік ететін компаниялар тізімінің бірнешеуіне ғана иелік ететінін мойындады. Банк «М. Әблязов FM Company Limited, Bergtrans Contracts Corp және Carsonway Limited компанияларының ақырғы иесі болып табылады» деп отыр.

Бұдан басқа, БТА банктің мәлімдеуінше, 2009 жылдың 12 қарашасындағы активтерді қатыру туралы бұйрықты бұза отырып, М. Әблязов үш украиналық заемшының Stantis Limited компаниясының алдындағы жалпы сомасы $80 млн-нан асатын қарыздары бойынша мәміле жасауға тырысқан, М. Әблязов соңғысына иелік етіп, бақылау жасайтынын мойындаған. БТА заңгерлері ұсынған ақпаратқа сәйкес, «бұл мәмілелер 2010 жылдың соңында жасалып, олардың Украинаның Ұлттық банкі 2011 жылдың басында тіркеген».

Мұның алдында хабарланғандай, БТА банктің бұрынғы басшылықтың келтірген шығындарын өтеу мен активтерді қайтару бойынша ағылшын сотына түсірген шағымдарының жалпы сомасы 2011 жылдың мамырында $5 млрд құраған. Бұл арыздар 2012 жылы қарала бастайды, ал сот шешімдері 2012-2013 жылдары шығарылады деп күтіліп отыр.

Еске сала кетейік, 2009 жылдың басында мемлекет БТА банктің капиталына кіріп, ол «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының бақылауына өткеннен кейін ҚР бас прокуратурасы банктің директорлар кеңесінің экс-басшысы М. Әблязовқа қатысты ірі көлемдегі алаяқтық, жалған компаниялар арқылы банктің қаржысын алып шықты деген күдікпен қылмыстық іс қозғады.

Сарапшылардың бағалауынша, М. Әблязов сыбайластарымен бірге оффшорлар арқылы және қамсыздандырылмаған несиелер арқылы Қазақстаннан БТА банк арқылы $10 млрд алып шыққан.

Іс қозғалғаннан кейін ол елден қашып кеткен, қазір Ұлыбританияда тұрып жатыр. Сот шешіміне сәйкес, ол ел аумағынан кете алмайды. 


adimage