Әблязовты, Рысқалиев пен Храпуновты ҚР-ға ГРЕКО-ға мүше болу арқылы қайтаруға ниетті

Астана. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Мұхтар Әблязовты, Бергей Рысқалиев пен Виктор Храпуновты Қазақстанға Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) мүше болу арқылы қайтаруға ниетті.
«ГРЕКО-ға қосылу – бұл Қазақстанның еуропалық мемлекеттердің құқыққорғаушы органдарымен барынша тиімді ынтымақтастығын орнатудағы өте маңызды қадамы. ГРЕКО дегеніміздің өзі – ол экстрадиция мәселесін білдірмейді. Өз баяндамамда да, таныстырылымымда да мен мұның алдағы уақытта еуропалық конвенцияға бірігу мүмкіндігіне жол ашатын бірінші қадам екенін айтқан болатынмын. Оның бірі және барынша маңыздысы – сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы (Еуропа Кеңесінің конвенциясы – ҚазТАГ). Аталмыш конвенция мақұлданған жағдайда болашақта бізде жағдайымыз жақсарады, шетелде іздеуде жүрген қылмыскерлерді экстрадициялау және заңсыз активтерді қайтару мүмкіндігі артады», - деді бейсенбіде ОКҚ-де журналистердің сұрағына жауап берген ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бүгінгі таңда «сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған 65 қылмыскерді іздестіруде, олардың 33-і шетелде жүр».
«(Оларды іздестіру – ҚазТАГ) жұмыстары белсенді жүргізілуде», - деді ол.
ОКҚ кулуарында спикер іздестіріліп жатқан 33 қылмыскердің ішінде танымал тұлғалар бар ма деген журналистердің сұрағына да жауап берді.
«Әрине. Олардың ішінде Әблязов, Рысқалиев бар, Храпунов бар, басқа да адамдар бар. (…) Іздестіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде», - деп Бектенов іздеуде жүргендердің тегін де атады.
Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстан екінші рет талпынып, ГРЕКО-ға мүше болды.

adimage