«Болашақ» стипендиясы магистрлік және докторлық бағдарламалар бойынша 188 қазақстандыққа берілді

Күні: 10:10, 28-08-2019.

Астана. 28 тамыз. ҚазТАГ - «Болашақ» стипендиясы 188 қазақстандыққа магистрлік және докторлық бағдарламалар үшін тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Болашақ» стипендиясы 188 жас қазақстандыққа әлемдік университеттерде магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға тағайындалды», - делінген хабарламада.
Шешім ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысынан кейін қабылданды.


Жаңалықтармен бөлісу: