Қазақстан футбол федерациясы Черчесовтің жалақысын жариялаудан бас тартты
БАҚ беттерінде Ресейден келген Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде айына Т48,5 млн жалақы алатыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Хабарламада бас бапкер Станислав Черчесовтің жалақысын айтарлықтай көп етіп көрсеткен және ол шындыққа жанаспайды. Келісімшарт талаптары құпия болғандықтан бас бапкердің айлығы жария етілмейді. Бұл келісімшарт бюджет қаражатынан қаржыландырылмайды. Айта кетейік, Федерациядағы барлық жұмыс УЕФА мен ФИФА, сондай-ақ демеушілер есебінен жүзеге асырылып жатыр», - деп мәлімдеді Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің басшысы Гүлмира Шутанова.
«Мемлекеттік қызметкерлердің құқығын бұзған шенеуніктер жауапқа тартылды»
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы қоғамдық кеңестің отырысында мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғау және мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша биылғы тоғыз айда атқарылған жұмыс нәтижелері қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Агенттіктің тоғыз ай ішіндегі бақылау жұмыстарының нәтижесінде 15 мыңға жуық заңбұзушылықтар анықталып, оның қорытындысы бойынша лауазымды адамдар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4221 мемлекеттік қызметкердің бұзылған құқығы қалпына келтірілді», – делінген хабарламада.
Қазақстанда қанша қыз АПВ-ға қарсы вакцина салдырды?
Бүгінгі таңда елімізде адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинамен 11-13 жас аралығындағы 54,5 мыңнан астам қыз егілді, деп хабарлайды El.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазан айының басынан бастап республикада әр жерде жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы адам папилломасы вирусына қарсы 11 жастағы қыздарға вакцинациялау жүргізілуде.
Сонымен қатар 12 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарға арналған толтыру иммундауы жүргізіліп жатыр.
«Өңірлердің арасында АПВ-ға қарсы вакцинациялау бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, онда 11,1 мыңнан астам қыз егілді, Шымкент қаласында 5,3 мыңнан астам оқушы, Қарағанды облысында 4,3 мыңнан астам, Жамбыл облысында 4 мыңнан астам, Астанада 3,7 мыңнан астам қыз вакцинацияланды», – делінген хабарламада.
Қайрат Боранбаевтың бұрынғы компаниясы жаңа иесіне өтті
«Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры бұған дейін Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған «АзияГаз Чунджа» ЖШС газ таратушы компаниясына иелік етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ЖШС-нің толық акционері болды.
Белгілі болғандай, келісім биыл 30 қыркүйекте жасалған.
«АзияГаз Чунджа» ЖШС – Қайрат Боранбаевтың мемлекет меншігіне өткен ең ірі активтерінің бірі. Компания 2014 жылы құрылған. Компания табиғи газды тасымалдаумен, ауыл ішіндегі орта және төмен қысымды газ тарату желілерін салумен айналысады.
Фото көзі: Ашық дереккөз