Бордюжа Ауғанстанда «Ислам мемлекетінің» содырлары барлығы туралы мәлімдеді

Aлматы. 30 қазан. ҚазТАГ – ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа Ауғанстан аумағында «Ислам мемлекетінің» содырлары барлығы туралы мәлімдеді, деп хабарлады Ауған телеграф агенттігі (АуТАГ).  
ҰҚШҰ басшысы ауған-пәкістан шекарасындағы лагерлерде содырларды дайындау жүріп жатқанын, олар кейін Сирия мен Иракқа, жартылай ИМ бақылауындағы елдерге әскери машықтан өтуге жіберетіндігін мәлім етті.
Н.Бордюжа осындай лагерлерде дайындықтан өткендердің арасында ҰҚШҰ елдерінің де өкілдері барлығына және олар тиісті нұсқау алса өз елдерінде де жағдайды тұрақсыздандыруға дайын екендігіне алаңдаушылық танытты.  

adimage