Босфорда қазақстандық мұнай бар танкерлер бөгеліп қалды

Күні: 11:46, 07-02-2019.

Алматы. 7 ақпан. ҚазТАГ – Мұнай танкерлері Түркияның Босфор және Дарданелла бұғаздары арқылы өтетін өткелде бөгеліп қалды, деп хабарлады Tribeca Shipping порт операторына сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі.
БАҚ ақпарынша, бұғаз алдында 55 танкер тұр. Олардың арасында Ресей мен Қазақстанның кемелері де бар. Олар Қара теңізден оңтүстікке қарай бет алған болатын. Олар жалпы көлемі 41 миллион баррель мұнай тасымалдайды.
Жаңа ереже бойынша кемелер Босфор мен Дарданелла арқылы өту үшін шамамен 16 күндей күтеді. Іс жүзінде бұл мерзім 5-6 күннен аспайды. Кері қайтып келе жатқан танкерлер бұғаздарда шамамен 2 аптадай бөгеледі.
Қаңтар айының соңында 2014 жылдан бері болып отырған бұғаздағы танкерлердің ең ұзақ кезегі байқалған. Оған Түркияның 2018 жылдың қыркүйегінде бұғаздар арқылы кемелердің өтуінің жаңа стандартын енгізуі себеп болған. Соған сәйкес, кемелердің көп саны буксирлермен сүйемелденуі керек.
.


Жаңалықтармен бөлісу: