Бозымбаев президентке жанармай нарығының жағдайы туралы баяндады

Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
«Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша министрліктің жұмысы жөнінде мәлімет берілді», - делінген сәрсенбідегі Ақорда хабарында.
Қазақстан Президентіне жанармай нарығының тұрақты жағдайы, мұнай-газ секторының дамуы, мұнай өңдеу зауыттарының ахуалы және энергетика саласына тартылатын инвестициялардың оң қарқыны туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы энергетика саласының дамуына оң баға беріп, аталған бағыттағы жұмысты жандандыра беру жөнінде тапсырма берді.

adimage