Бозымбаев әзірге Ресейде жұмыс жасай алмайтын батыс компанияларын Павлодарға шақырды

Павлодар. 7 қазан.  ҚазТАГ – Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев әзірге Ресейде жұмыс жасай алмайтын батыс компанияларын өңірге шақырды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.  

«Біздің өңірдің бәсекелестік басымдығы – дамыған өнеркәсіптік инфрақұрылым, арзан электроэнергия, көлік инфрақұрылымы, жер ресурстары мен бос жатқан жер телімдерінің болуы. Сонымен қатар біз әзірге белгілі бір себептерге байланысты Ресей Федерациясында жұмыс жасай алмайтын батыс компаниялары үшін қолайлы алаңға айналудамыз. Олар болашақта Еуразиялық одақ нарығына шығатындай өндіріс орнын аша алады», - деді ол «Ертіс Инвест» ІІ халықаралық форумында сөйлеген сөзінде.  

2014 жылы  қазанда өткен «Ертіс Инвест» І форумында инвесторларға 124 жоба ұысынылды. Нәтижесінде форумда Т38,8 млрд соманың құжаттарына қол қойылды. Қазіргі таңда өңірде Т6,6 млрд соманың келісім шарттары жүзеге асырылды.  

adimage