Астана. 20 қазан. ҚазТАГ – Бразилияның TV Globo телеарнасында Қазақстан туралы репортаж көрсетті, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінен.
«Жуырда Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінің қолдауымен португал тілінде хабар тарататын Бразилияның ең ірі телекоммуникация компаниясы - «TV Globo» телеарнасы эфирге Қазақстан туралы бір сағаттық арнайы репортаж шығарды», - делінген дүйсенбідегі СІМ хабарында.
Ақпарда бұл жобаның басты мақсаты, бразилиялық телекөрермендерді Қазақстанмен, оның халқы, мәдениеті және салт-дәстүрімен, сондай-ақ Қазақстанның аймақтары және табиғатымен таныстыру болып табылатыны атап өтілген.
Репортерлар телекөрермендерді Қазақстанның Астана, Алматы сияқты ірі қалаларының архитектураларымен, еліміздің кең-байтақ көрінісімен, «Байқоңыр» космодромымен, Арал теңізінің мәселелерімен, спортымен және т.б. таныстырды.
«Қазақстанда қазіргі заманғы тұрмыс пен көне шығыстық әдеп-ғұрпылардың үйлесуі қызығушылық танытады. Қазақстанның бай табиғаты кең көлемді, соның арқасында, осы елдің экотуризм, тау шаңғы спорты, белсенді және жағажайлық демалыс, сондай-ақ шипа алу сияқты салаларды одан әрі дамытуына үлкен мүмкіншілігі бар», - деп атап өтті «TV Globo» телеарнасының тілшісі.
Қатысты сілтемелер
-
Қостанайда құрылыс краны құлап, жұмысшы қаза тапты30 Қараша 2023, 17:45
-
Тоқаев Йоханнисті Румынияның ұлттық мерекесімен құттықтады30 Қараша 2023, 17:34
-
Самат Әбіштің елден кетіп қалады деуге негіз жоқ- бас прокуратура30 Қараша 2023, 16:53
-
Петропавлдағы мектепте оқушыларға балтамен шабуылдаған жасөспірімге қатысты үкім шықты30 Қараша 2023, 16:34