Бразилиялық телеарналарда Қазақстан туралы деректі фильмдер сериясын көрсетеді

Күні: 10:37, 14-11-2014.

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Бразилиялық телеарналарда Қазақстан туралы деректі қысқаметражды фильмдер сериясын көрсетеді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«Жақын арада, Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінің қолдауымен, тәулік бойы хабар тарататын бразилиялық «TV Supren» телеарнасы кезекті Қазақстан туралы айдарын көрсете бастады. Атап айтқанда, «TV Supren» Қазақстан туралы қысқа деректі фильмдер түрлеріндегі репортаж топтамаларын эфирге шығарды», - делінген ҚР СІМ сайтында жұма күні жарияланған хабарда.
Бұл бағдарламаларадың басты мақсаты бразилиялықтарды Қазақстанмен, оның халқы, мәдениеті және cалт-дәстүрлерімен жақын таныстыру, алдағы уақытта өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне бразилиялық бизнес-құрылымдардың қатысуын жұмылдыру.
Бразилиялық «TV Supren» телеарнасы тек Бразилия қаласында ғана емес, сондай-ақ Рио-де-Жанейро, Сан-Пауло, Гояс, Минас-Жерайс, Мату-Гросу-ду-Сул және Масейо сияқты Бразилияның қалаларында серіктестік каналдар жүйесінде өз телехабарларын ретрансляция жасайтынын айтып өткен жөн.
4 сағат хабар таратарын бразилиялық «TV Supren» телеарнасы жоғары аталған репортаждарды 4 мезгілде ү.ж. 10-13 қараша аралығында, сондай-ақ ағымдағы жылдың желтоқсан айында эфирге шығарады.


Жаңалықтармен бөлісу: