Астана. 19 шілде. ҚазТАГ - Брест қаласында жеңіл атлетикадан Беларусь ашық кубогінің алғашқы жарыс күні аяқталып, қазақстандықтар екі медаль еншіледі, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Брестте жеңіл атлетикадан Беларусия кубогі жалғасып жатыр. Қазақстан атынан турнирге бес жеңіл атлет қатысуда: Дмитрий Иванчуков, Ислам Амангос, Рахымжан Кельманов, Виктория Сергеева, Татьяна Нерознак. Жарыстың бірініш күніндегі спортышлардың көрсеткіштері: Дмитрий Иванчуков (кедергілермен 3 мың м) – 2-орын, 8:51.54. (…) Татьяна Нерознак (кедергілермен 3 мың м с) – 3-орын, 10:52.43», - делінген жұмадағы хабарда.
Сонымен қатар, Ислам Аманғос (кедергілермен 3 мың м) 5-орын (9:00.98 (PB), Виктория Сергеева (5 мың м) – 5-орын (17:20.42 (PB), Рахымжан Келманов (кедергілермен 3 мың м) – 8- орын (9:26.98).
Хабарда атап өтілгендей, Беларусия ашық кубогі Еуропа чемпионатына қатысуға іріктеу кезеңі болып табылады. Құрлықтық біріншілікке тек турнир жеңімпаздарының ғана бару мүмкіндігі болады.
«Беларусия кубогі екі күнге созылады, 18 және 19 шілде. Жарыстың екінші күні ерлер арасында 3 мың метрге жүгіруде турнир жеңімпазы атағы үшін Рахымжан Келманов пен Ислам Аманғос бақтарын сынайды, ал әйелдер арасында жарыс жолына Татьяна Нерознак пен Виктория Сергеева шығады», - деді ҚР ҰОК.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34