Алматы. 26 тамыз. ҚазТАГ - Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан шығуына байланысты (Brexit) 100-ге жуық компания Голландияға көшті, деп хабарлайды Reuters.
«Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуы жоспарланғандықтан, 100-ге жуық компания Ұлыбританиядан Нидерландыға көшіп кетті немесе Еуропалық Одақта жұмысын жалғастыру үшін сол жерде өз өкілдіктерін ашты. Голландияның шетелдік инвестициялар жөніндегі агенттігі (NFIA) Еуропа нарығына кіру мүмкіндігінің жоғалуына алаңдаушылық білдірген тағы бір 325 компанияның мұндай қадамға бару мүмкіндігін қарастыруда», - делінген хабарламада.
NFIA комиссары Джерун Ниландтың айтуынша, көшудің себебі - «қатал» Brexit келешегінен туындаған алаңдаушылық.
«Ұлыбританиядағы өсіп келе жатқан белгісіздік және Brexit-тің келісімшартсыз айқын көріну мүмкіндігі бұл компанияларға елеулі экономикалық алаңдаушылық туғызады. Сондықтан көптеген компаниялар Нидерландты еуропалық нарықтағы жаңа потенциалды база ретінде қарастыруда», - деді ол.
NFIA хабарлағандай, көшу мәселесін қаржы, ақпараттық технологиялар, БАҚ, жарнама, биология және денсаулық сақтау саласында жұмыс жасайтын компаниялар қарайды. Компанияларды тарту кезінде Нидерланды Германия, Франция, Бельгия және Ирландиямен бәсекелеседі. Өткен айда қызметке келген Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Ұлыбританияны қазан айының соңында шығу келісімімен немесе онсыз Еуропалық Одақтан шығаруға уәде берді.
Brexit-ке байланысты 100-ге жуық компания Нидерландыға көшті
