Астана. 8 шілде. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Сотының жаңадан тағайындалған Төрағасы Лорд Манстың ресми ант беру рәсіміне онлайн форматта қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде, Қазақстан халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, кәсіби және тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Президенттің пікірінше, «Астана» халықаралық қаржы орталығының Сотын құру арқылы еліміз сот жүйесіндегі құрылымдық реформаларға бейілді екенін тағы бір мәрте анық айқындап отыр».
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Қазақстанда жұмыс істеп жатқан немесе елімізге келуді жоспарлап отырған инвесторларға әлемдегі барлық ірі қаржы орталықтарындағыдай лайықты соттармен, сот процесстерімен, тәжірибесімен және стандарттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жалпы құқық бойынша тәжірибелі соттар өздерінің бейтараптылығымен, әділдігімен және бармақ басты, көз қыстыға көнбейтіндігімен танымал. Сондай-ақ олар сот жүйесінің тұрақтылығы мен құқық бұзылмауының кепілі», - деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, пандемия мен мұнай бағасының құлдырауынан туындаған қазіргідей дағдарыс кезінде ел экономикасын қайта қалпына келтіру жұмысында, инвестиция тарту барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының маңызы арта түскен.
«АХҚО сенімді қаржылық платформа ұғымының синониміне айналып, шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген сенімін арттыруы керек. Өз кезегінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының маңызды бөлігі ретінде Қаржы орталығының тәуелсіз сот жүйесінің жалпы құқық бойынша Сотына АХҚО-ның қызметінде ерекше рөл атқарады. Соған сәйкес Қазақстанның инвестициялық бағдарламасының тиімді жүзеге асуына атсалысады», - деді Тоқаев.
Шара соңында Қазақстан Президенті Лорд Вульфке Қаржы орталығының сот жүйесін құру барысында сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, Лорд Мансқа АХҚО Сотының Төрағасы ретіндегі жұмысына табыс тіледі.
Лорд Джонатан Хью Мэнс – Ұлыбритания азаматы. 2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың маусымына дейін Ұлыбритания Жоғары соты төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34