Алматы. 8 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. «Ақиқат» біріккен социал-демократиялық партиясының «Қожайыны» Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев, деп мәлімдеді саяси және қоғам қайраткері Ермұрат Бапи.
«Мен партияның қожайыны кім екенін айтайын – ол Бергей Рысқалиев. Мен басында, осы жылдың 26 сәуірінде партия төрағасы болып сайланғанда Әкежан Қажыгелдинге Бергей Рысқалиевпен жұмыс жасамауды айттым, ол улы адам. Егер Рысқалев тарапынан (ҚР-да экстремистік ұйым деп танылған «Қазақстанның Демократиялық Таңдауының» Францияда тұрып жатқан лидері Мұхтар – ҚазТАГ) Әбләзов секілді партияны қаржыландыру жағдайы белгілі болса, қандай да бір себеп тауып партияны жауып тастар еді. Мен ашық жұмыс жасағым келді, ал Бергей Рысқалиев партияны меншігінде ұстағысы келді», - деді Бапи сейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол атап өткендей, оның ойынша, БСДП партиясы төрағасының күтпеген жерден ауысуының артында да Рысқалиев тұр.
«Мен осы өзгерісті ұйымдастырушылар мұндай қадамға неге барды екен деп ойлаймын, себебі бұл қастандық жасаушылар қожайындарымен үнемі байланыста болған, олар Ермұрат Бапи партияға «түсініксіз» біреулерді әкеліп жатыр деп хабар жеткізген. Мен сол күні съезге Шымкенттен, Астанадан, Тараздан 30 адам шақырдым. Мен олардың байқаушылар ретінде қатысқанын қаладым, сөйтіп партияның саяси кеңесінде бұрыннан келе жатқан бюрократтар қорықсын дедім, мен әкелген адамдар партияға кіріп алып, олардың орнын тартып алады деп қорықсын дедім. Олар қожайындарына партияның оның уысынан шығып бара жатқанын хабарлаған, оны Ермұрат Бапи әкетіп бара жатыр деген», - деп ой түйді ол.
Бұдан басқа ол партия төрағасы болып сайланғанда, партияның қомақты қарызының болғанын айтты.
«Мен ғаламторда жүрген қолхатты менің жазғанымды жасырмаймын, себебі мен партияны қарызымен бірге алдым. Партияның оның мүшелері алдында қарызы болды, сол қастандық жасаушылардың жалақысы. Менің алдыма шарт қойды. Мен партияны басқаруға келісімімді бергенге дейін оның қарызының барын білген жоқпын. Ал $200 мың – бұл партияның қарызы, мен осы қарызды өтеймін деп міндеттендім, ал демеушілер бұл қарызды жабуға міндеттенді. Бұл Жармахан Тұяқбайдың (БСДП экс төрағасы – ҚазТАГ) партия алдындағы қарызы еді. Мені сайлағаннан кейін мен осы қарызды жабу мәселесімен айналыстым. Бұл қарыз партияның Хандуллаев Уланнан ақшаны қарызға алған кезінде орын алған. $100 мыңды біз 20 күн ішінде өтедік, ал қалған жартысы съезге дейін берілген жоқ, және осы у-шудың бәрі сол қарыз салдарынан туып отыр», - деп түсіндірді Бапи.
Бұл ретте ол партияның сатылуы мүмкін екені туралы ақпарды да жоққа шығарды.
«Мені $200 мыңды алып, партины сатпақшы деп айыптауда, бұл барып тұрған өтірік, себебі Қазақстан жағдайында, партияны тіркеу қиын елде партияның құны ондай емес. Оның құны миллиондаған доллар тұрады. $200 мыңға партияны сатпайды, $200 мыңға бензин колонкасын, дүкенді сатады. Кезінде бір партияны сатқанда оның бағасы $10 млн. тұрған еді», - деді Бапи.
Саяси және қоғам қайраткері мәлімдегендей, ол партияны азаматтық қоғам игілігі үшін сақтап қалу мақсатында «қастандық жасаушылармен» бір үстел басында отырып, келіссөз жүргізуге де ниеттенген.
«Менің тарапымнан статус-квоны қалпына келтіру, төтенше съезд шақыру, онда ұйымдастырушылық мәселелерді қарау, тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен саяси кеңестің жаңа құрамын сайлау, жаңа ұрпақты сайлау, партияны жаңарту мәселесін қарау туралы ұсыныс жасалды. Содан кейін мен төтенше съезд жабық дауыс беру арқылы жаңа төрағаны таңдау үшін отставкаға кетпек болғанмын. Алайда, белгілі болғандай, өзгеріс жасағылары келгендер мұндай келіссөз процесіне дайын болмай шықты. Жігіттер партияны сақтап қалғылары келді, бірақ қожайындары рұқсат етпеді, олар әлі күнге дейін партияға жаңа ұрпақ, тәуелсіз бақылаушылар, азаматтық қоғам өкілдері келеді және бюрократтардың бәрін ысырады және партия жаңа иелерінің қолынан кетеді деп қорқады, сондықтан олар келіссөз процесіне барған жоқ», - дейді Бапи.
Бұл ретте ол алдағы уақытта Рысқалиев пен оның жақтастары тарапынан тағылған айыптауларға түсінік бермейтінін мәлімдеді.
«Бүгін мен нүктеесні қоямын. Оның ары қарай не құрастырып айтатыны – маған бәрібір», - деді Бапи.
Еске салсақ, «ҚазТАГ» ХАА Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев пен оның інісі Аманжан Рысқалиевке сырттай үкім шығарылғанын хабарлаған еді. Бергей 17 жылға, Аманжан – 16 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34