Алматы. 26 сәуір. ҚазТАГ – Біріккен социал-демократиялық партия (БСДП) Қазақстан президенті сайлауына үміткер ретінде Ермұрат Бапиды ұсынды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
БСДП өзінің сайлауалды съезінде Қазақстан президентіне үміткер ретінде Ермұрат Бапиды ұсынды.
Съезд қатысушыларының айтуынша, Бапи билікке қарсы пікір білдіруші, 90 жылдардан бастап тәуелсіз БАҚ-тарды шағарып келеді.
«Журналистік қызметпен айналысуына тыйым салынуына және қорқытуларға қарамастан әр қазақстандыққа шындықты жеткізе біледі. Қазақстанда «Дат» басылымын оқымайтын адам жоқ шығар», - деді сезд қатысушылары.
Бапи 1959 жылы Шығыс Қазақстанда дүниеге келген. Тынық мұхиты әсери-теңіз флотында әскери борышын өтегеннен кейін Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Шығыс Қазақстан облыстық газетінде тілші, Қазақ радиосының бас редакторының орынбасары, респуликалық «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметі басшысының орынбасары болған, соңғы 20 жылда ДАТ медиа жобасының жетекшісі («Дат», «Солдат», «Тасжарған», «Жұма-таймс», «Айна плюс», «Общественная позиция» басылымдары).
Бапи – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналистика саласында халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі, азаматтық қоғамның дамуына қосқан зор үлесі және ерен еңбегі үшін Қазақстан Журналистер одағының алтын медалінің иегері.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығына қол да қойылды.
ҚР президенті лауазымына үміткерлерді ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады.
БСДП ҚР президенті сайлауына үміткер ретінде Ермұрат Бапиды ұсынды
