ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер рейтингін шығару объективті емес – ҚР БҒМ

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша мектептер рейтингін шығару объективті емес, деп санайды ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
«Үкімет отырысында мен өңір басшыларын ҰБТ негізінде мектеп рейтингін өткізбеуді өтіндім. Біз ол объективі емес және мектептердің дайындық деңгейін білдірмейді деп санаймыз», - деді Аймағамбетов сейсенбі күні ҚР үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, нақты бір қорытынды жасауға болатын оқушылардың жетістігін сырттай бағалаудың басқа да индикаторлары мен механизмдері бар.
«Егер бұрын ҰБТ екі қызмет атқарса – мектептегі аттестация және ЖОО-ға түсу, қазір олар бөлінді. ҰБТ-ға тек ЖОО-ға түскісі келгендер ғана қатысады. ЖОО-ға түсу бойынша рейтинг жүргізу, мектептерге баға беруге болмайды. Мектептер рейтингі – бұл күрделі мәселе, ол оқуға ғана емес, тәрбиеге де қатысты, және оны бір ғана механизм арқылы бағалау дұрыс емес», - деді Аймағамбетов.
Бұған дейін хабарланғандай, ҰБТ биыл 20-30 маусым аралығында 169 пунктте өтеді.

adimage