«БТА банк» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Николай ВАРЕНКО: ӘБЛЯЗОВТЫҢ ІСІН ТОҚТАТСА, НАРЫҚ ҰРЛАУҒА БОЛАДЫ ДЕГЕН ҚАТЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАЙДЫ

 

Алматы. 27 қырқүйек. ҚазТАГ – Расул Рысмамбетов. Өткен аптада БАҚ «БТА банк» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Николай Варенкоөзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғандықтан, қашып жүр деп хабар таратты. ҚазТАГ осы жағдайға түсініктеме алып, «БТА банктің» активтерін қайтару жұмысының жалпы жағдайы туралы білмек мақсатында банкирді сұхбатқа тартты.

 

- Николай Витальевич, өткен аптада қайда болдыңыз? Сіздің іссапарыңыздың мақсаты не болды және Сізге қарсы қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратқа не дейсіз?

 

-          Маған қатысты қолданылған бас бостандығымды шектеу шарасы жоқ. Менен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған жоқ, мені қамауға алған жоқ, түрмеге отырғызған жоқ. Бұл – біріншіден. Маған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын білмеймін. Ақырғы сұрақтарыңызды прокуратураға қойыңыздар.

БАҚ сұраным жіберген уақытта шетелде іссапарда болдым. Іссапарларға келетін болсақ, менің жұмысым – «БТА банктің» шетелде жатқан активтерін қайтару. Мен шетелге іссапармен жиі және ұзақ уақытқа барамын. Өткен аптадағы іссапарым да әдеттен тыс емес, қалыпты жағдай. Бізде қанша соттар жүріп жатыр. Қарсыласымыз мықты, оның бос уақыты көп.

Біреулерге қызықты болса, мен дүйсенбі күні Киевте, сейсенбі-сәрсенбі күндері Лондонда, бейсенбі-жұмада Мәскеуде болдым.

Мен туралы жалған ақпараттың пайда болуы біздің оппонентеріміздің сенімділіктерінен айырылып, осындай шараларға барып отырғанын көрсетеді.

Біз немен айналысып жатырмыз? Біз активтерді қайтарумен айналысып жатырмыз. Бұл үшін қандай шаралар қолданылуда? Біз активтерді қайтарумен айналысуға көмектесіп жатқандармен бірлесе жұмыс жүргізудеміз. Бұл – заңгерлер, консультанттар, араласуға тура келетін басқа да контрагенттер. Активтердің жартысынан астамы, соттардың көбі де Қазақстаннан тыс болғандықтан, мен шетелге жиі барамын.

 

- Сіздің бұл мәселелермен айналысып жүргеніңізге екі жылдан асты. Бұрынғы менеджменттің банктен алып шыққан активтерінің көлемі қандай?

 

- «Шетелге алып шықты»деген термин аса нақты емес. Банктің 2008 жылдың қорытындысы бойынша көрген шығыны бар. Бұл - Әблязов мырзаның командасымен бірге осында әрекет еткен соңғы жылы. Шығын көлемі 1,188 трлн теңгені құрайды. Долларға шаққанда $9,9 млрд. Оның ішінде резервтер құруға жататын шығындар іс жүзінде берілген несиелердің құнсыздануы болып табылады. Проблемалық кредиттер 1,094 трлн теңге немесе $9,12 млрд көлемінде. Бұл Әблязов тобының әрекеттерінен туындаған бір сома және мәселенің бір жағы ғана. Проблемалық портфельге келсек, $17,5 млрд-тан 2011 жылдың 1 қырқүйегінде $13,8 млрдқалды.

Біздің жұмысымыз келесідей. Біріншіден, бізге заңсыз жолмен шығарылған активтерге деген БТА банктің құқықтарын қайтару керек. Екіншіден, ол активтерді іс жүзінде тауып, қайтару. Ақшаның негізгі көлемі шығындалып, басқа активтерге айналдырылды. Активтерге деген құқықтар қалпына келтіріліп, оларды іс жүзінде басқаруға қол жеткізгенде оны қаржыға айналдыру керек. Мұның бәрі шетелде де, бізде де қаптаған процедуралармен реттеледі.

 

- Осының бәрін қайтаруға болады деп есептейсіз бе?

 

- Бір бөлігін қайтару мүмкін емес, бір бөлігін үлкен шығынмен, басқа бөлігін аз шығынмен қайтаруға болады. Банк қаржыны шетелден, қазақстандық зейнетақы қорларынан, халықтан, жинауға болатын барлық жерден алып, сол ақшамен несие берген. Сол берілген несиелерді дұрыстап есептесе, банкке кіргенімізде $9,9 млрд жетпейтін болып шықты. Бұл - бүгінгі бағалау. Ол біз басқарғаннан ұлғайған жоқ, ол сол сәтте проблемалық портфельдің бір бөлігі бухгалтерлік тұрғыдан алғанда анықталмағандықтан көбейді.

 

- Активтерді қайтарумен айналысатын команда үлкен бе?

 

- Банк ішінде активтерді қайтарумен айналысатын команда сырттан көрінгендей, айтарлықтай үлкен емес.

 

- 100адамға жете ме? 50-ге?

 

- 100 адамнан аз екені анық. Сұрағыңызға жанама түрде жауап берсем, шетелге аз адамдарды жібереміз, біз ақшаны үнемдеп жатырмыз. Командамыз екі топтан тұрады. Банктің қызметкерлері бар. Біраз бөлігі: бастықтар азырақ, орындаушылар көбірек. Екінші бөлігі  – біздің консультанттар. Шетелдік консультанттар көп жұмыс істейді. Мен Қазақстандағы активтерді қайтару бойынша жағдайға қанықпын, ал тәжірибелік сұрақтар менің әріптестерімнің міндетінде. Шетелдік несиелер мен Әблязовқа қатысы бар несиелерге келсек, бұл мәселелермен фигуранттардың жүрген жері мен жағдайдың ерекшелігіне байланысты шетелдің консультанттар айналысып жатыр.

Біздің консультанттардың негізі заңгерлер, сот есепшілері. Біз ағылшын-американдық HoganLovells заңгерлік фирмасын, ал сот есепшісі ретінде PriceWaterHouseCoopers жалдадық. Жекелеген объектілер, мәселелер бойынша қажет консультанттарымыз бар. Біздің команда осындай. Команданың саны туралы сұраққа осындай күрделі жауап.

Біз соттарға өзіміз бармаймыз. Ағылшын сотына ағылшын заңгерлері, ресейлік соттарға ресейлік заңгерлер барады.

 

- Жақында Мұхтар Әблязов заңгерлік фирмасын ауыстырды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ол осының алдында жалдаған фирмасына $40 млн жұмсапты. М. Әблязовтың шығындары мен БТА банктің шығындарын қалай сәйкестендіруге болады?

 

-Менің білуімше, Әблязов заңгерлерін екінші рет ауыстырып отыр. Біз Әблязовтың шығындары туралы нақты айта алмаймыз. Мен $40 млнсома азайтылған деп есептеймін. Бұл сомаға қатысты пікір таластырғым келмейді. $40 млн делінгенімен, оның одан да көп жұмсап жатқанын білеміз. Бізбен салыстырғанда екі есе көп деп ойлаймын. Ағылшынның заңгерлік ортасындағы дереккөздердің айтуынша, Әблязов бізден үш есе артық шығындалып жатыр және аталған сомадан артық екені анық.

Ал біздің сандарға келсек, олар біздің есептілікте, банктің шығындарында көрініс тапқан. Біз оларды жариялаймыз. Сондай-ақ, егер біз сотта жеңіске жетсек, біздің шығындарымызды оппонент төлейді.

Сондай-ақ, істі жүргізу шығындарын банктің бұрынғы менеджменттің қызметінен көрген шығындарымен салыстыру керек. Миллиардтаған доллар туралы сөз болса, жақсы дайындалып, оны талап ету үшін қаптаған құжаттарды тексеру керегін түсіну керек. Бұл жерде бір немесе екі құжат туралы айтылып отырған жоқ. Іс жүзінде біз миллиондаған құжаттарды қарадық, олардың бір бөлігі құпия қоймаларда сақтаулы жатты. Бұл жерде жүздеген компаниялар туралы сөз болып отыр.

 

- 600 компания ма?

 

- Алты жүз компания – бұл оның (Әблязов - ҚазТАГ) ресиверге қоспаған компаниялары ғана. Ал басынан бастап болған компаниялар бар емес пе? Біз көрсеткен тізімдер бар. Әблязов тіркеген компаниялардың саны мыңнан асып кеткен шығар. Олар бүкіл әлем бойынша тіркелген. Әблязов бұл оқиғаға ондаған адамды тартқан. Болып жатқан жағдай міне, осындай. Әрине, активтерді қайтару процестері бойынша БТА банктің активтері басқа банктердікінен өте көп. Біз банктердің қиын активтерге байланысты болатын шығындары туралы емес, біз бұрынғы менеджменттің алаяқтығы, банкпен тікелей сот арқылы, корпоративтік соғыс жүргізіп жатқаны туралы айтып отырмыз. Осы себепті бұл шығындар басқаша. Бұл тұрғыда біздің соғыс үнемдеу жолымен жүргізіліп жатыр.

Мэдоффтың оқиғасын мысалға алсақ. Онда шығын сомасы ірі, бірақ процесс қысқа болды. Өйткені Мэдоффты бірден қамауға алды. Мэдоффтың салымшыларға келтірген шығындарын қайтаруға жалпы көлемі $1 млрд жұмсалды. Істі тергеуге ғана..

 

 

- Демек Мэдоффқаоның келтірген шығындарының 1/60бөлігін ғана жұмсалған ғой?

 

- Бірақ Мэдофф $15-20 млрджинап, шығындалы. Еске сала кетейін, Мэдоффтің ісі бойынша әлі $15 млрдқайтарылған жоқ,ұрланған соманың $450 млн немесе 3%ғана қайтарылды. Сонда $1 млрдшығындап, әзірге $450 млнғана қайтара алған.Мэдоффпен күрестің экономикасы осындай. Мен мұны сынау үшін немесе БТА банктің оқиғасын жоғары қою үшін айтып отырған жоқпын, біз істі жақсы жүргізіп жатқанымызды түсіндіргім келді, бірақ бір ғажайып болады-ау деген үміт те жоқ.

 

- БТА банк қайтарам деп жоспарлап отырған активтердің ең аз және ең көп көлемі қандай?

 

- Басшылық қазір көріп отырған шығындар ақталуға тиіс екенін түсінеді. Нақты шекті сандар туралы айтсақ, ондай жоқ, директорларкеңесі бізге ондай міндет қойған жоқ. Банкке қатысты белгілі бір цифрларды белгілеу, оны жариялау дұрыс емес деп ойлаймын. Логика мен банктің экономикалық мүдделері тұрғысынан келсек те дұрыс емес.

 

- Бұрынғы менеджмент жүздеген оффшорлық фирма құрды. Ол фирмалар қандай оффшорлық аймақтарды құрылды?

 

- 90% Британдық Виргин аралдарында, Кипрда, Сейшел аралдарында және Люксембургте тіркелгенін айтайын. Сондай-ақ, Ресей Федерациясында да тіркелген компаниялар аз емес. Бір күндік компаниялар солай құрылған.

 

- Ақшаны жылыстатуты көздеп, Қазақстанға келетін ресейлік компаниялар көп пе?

 

- Активтерді қайтару кезінде бүкіл әлемді алаяқ санамау керек. Иә, Әблязов БТА-ны құрды. Банк мемлекет кірген сәтте түбімен шіріп кеткен еді. Ол не десе де, БТА-да отырған адамдар ондай істерді жасамаған. Олар тұтқындар сияқты болды. Мен адамдарды ренжіткім келмейді, бұл – тұтқындар, ақшаны ұрлап жатқан сәтте, қуыршақтарын билеуге мәжбүрлеген Карабас Барабастың театры сияқты.

Ресейдегі қазақстандық бизнестің бәрі –алаяқтар, ал Қазақстандағы ресейлік фирмалардың бәрі алаяқтар деп ойлаған қате болады. Оның (Әблязовтың – ҚазТАГ) бұл оқиғаларының бәрі – бір адам мен қылмыстық элементтің мегаломаниясының үйлесімділігі.

 

- Оффшорлық компанияларға берілген несиелердің бәрінде қаржылық қадағалау агенттігінің визалары тұр емес пе?

 

- Еске сала кетейік, БТА банктің директорлар кеңесіне кірген адамдар ҚҚА-да істеген. Олар осы жерден алыс емес жерде отырады, өздерінен сұрауыңызға болады. Иә, несиелердің бәрінде талапқа сәйкес, ҚҚА-ның визалары тұр. Бұл несиелердің бәрі рәсімделген. Бірақ ҚҚА өздеріне көрсеткенге виза қойған. ҚҚА-ның құзыры қандай? Агенттік бақылап, құжаттарды қарауға тиіс. Жалған құжат әкелсе, ҚҚА қызметкерлері криминалистер емес, жалған құжаттарды айыра алмайды. Банк ақшаны қайда жұмсағанын айтады. Егер банктер өтірік айтса, олар жай емес, ұялмай өтірік сөйлесе, яғни іс жүзінде жоқ компанияны ойлап тапса, ҚҚА-ның мұнымен күресуге мүмкіндіктері шектеулі. Мен жауапкершіліктің көлемін анықтайтын судья емеспін, бірақ біз бұл жерде криминалмен күресіп отырмыз. Бұл – жүйелі, ұйымдасқан криминал..

 

- Сіз енді активтерді қайтару бойынша мол тәжірибе жинаған банктік «детективтердің» бірісіз. Басқа қазақстандық банктер мұндай оқиғалардан сақтандырылған ба? Банктерге талаптар мен бақылауды қатайту керек пе?

 

- Реттеудің жаман жері – ол тәртіпті адамдарға талап қояды да, алаяқтарға жеткілікті түрде тиімсіз. Қаржылық бақылау мен қылмыстық бақылаудың арасында «көрінбейтін дақ» бар. ҚҚА-ның мұны жасауға техникалық мүмкіндіктері мен тәжірибесі болмаса, құқық қорғау органдары мұнымен превентивті күресу үшін материалдарға қол жеткізе алмаған болар. БТА-ның оқиғасы осындай істермен айналысқысы келетіндерге жақсы сабақ болды деп ойлаймын. Салдары туралы ойлану керек деген сабақ болды.

Мұндай оқиғалардың алдын алу бүкіл әлемді мазалап отыр. АҚШ-тан Мэдоффшықты. Бұл жүздеген білікті маманы бар ірі мемлекет қой. Бүкіл әлемнің мамандары осы мәселесен күресудің амалын іздегенімен, аурудың бәріне бірдей ем жоқ.

БТА банктің оқиғасына келсек, ақша ұрлаған адамдар өздері жасаған схемаларды басқалары біліп қою үшін тым күрделі деп ойлаған. Алайда олар қай уақытта өмір сүріп жатқанын түсінбеген болар. Олар әлі де сол 90-шы жылдары қалып қойғандай: пара-қаржыны ақшаға айналдыру-оффшор. Бірақ әлем алға кетті, бұл айла-тәсілдің ескіріп кеткені қашан. Енді олар ойдан шығарылған адамдардың артына немесе экзотикалық оффшорларға жасырынуға болмайтынын түсінді.

 

- Мэдоффтан активтерді қайтару оқиғасына оралсақ, Әблязовты қудалауды жалғастыру, заңсыз шығарылған активтерді қайтару экономикалық тұрғыда қаншалықты тиімді?

 

- Біз бұл істе жақсы сомаға үміттенеміз. Бірақ Әблязовпен сот дауын тоқтатсақ не болады? Нарықтағыдар өз қорытындысын жасайды. Бұл істі (БТА банктің активтерін қайтаруды - ҚазТАГ) тоқтатса, ұрлауға болады деген сөз. Істі соңына жеткізсе, айыптылар, бірінші кезекте, шетелге қашқандар жазаланса, бұл бос сөз болмайды. Нарық осылай есептейді.

Олай болмаса, адамдар ең бастысы көбірек ұрлап, алысырақ жасырып қою деп ойлайды.

 

- Сұхбатыңызға рахмет!


adimage