Бурабай табиғи паркінде алапат орман өрті сөндірілуде

Астана. 19 шілде. ҚазТАГ – Бурабай табиғи саябағында алапат орман өрті сөндірілуде, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«19 шілдеде сағат 13.00-де Ақмола облысы Бурабай ауданында Щучинск қаласынан 15 шақырым жердегі «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркі» аумағында 852 метр биіктіктегі Жеке Батыр тауының шыңындағы құрғақ шөп пен орман өртенді (өрт қауіпсіздігінің 4 класы)», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, зардап шегушілер мен қаза тапқандар жоқ, өрт себебі анықталуда.
«Өрт шыққан жерде және облыстағы ТЖД-де жедел штаб құрылды. ТЖД (50 қызметкер мен бес бірлік техника), «ҚР ПІБ БМТП» МБ (40 қызметкері мен екі бірлік техникасы, Ми-2 бір тік ұшағы) күш пен құралдары жұмылдырылды. Көкшетау қаласынан су бүрку құрылғысы бар ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-26 тік ұшағы ұшып шықты», - деді ТЖК-ден.

adimage