Әбжан апелляциялық сотта жеңіліп қалды

   Астана.24 наурыз.ҚазТАГ- Тәуелсіз журналист Махамбет Әбжан апелляциядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі.
   «Әбжанға төтенше қауіпсіздік мекемесінде тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Судья журналистің әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылғанын айтты. Бұл үкіммен келіспей, сотталушы мен оның қорғаушылары апелляциялық тәртіпте сот актісіне шағымданып, Әбжанды ақтауды сұрады. Сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болмағандықтан, үкім өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді», - делінген жұма күнгі хабарламада.
   Еске салайық, Махамбет Әбжан – қазақстандық журналист. Ол 2022 жылы 3 шілдеде ұсталып, 5 шілдеде қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет журналиске Рашит Махаттан 50 миллион теңге бопсалады деп айып тақты. 3 ақпанында Абжан 9 жылға сотталды.

adimage