Алматы. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2018 жылдың 11 айында 156 млрд теңге зейнетақы төлемдерін жүзеге асырған, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
«2018 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дан төленген зайнетақы төлемдерінің сомасы 156 млрд теңгені құрады», - делінген хабарда
Құжатқа сәйкес, төлемдердің жартысы (49%) - 76,6 млрд теңге жасы бойынша зейнетке жаткендерге төленген, бестен бір бөлігі, яғни 32 млрд теңге – Қазақстанның сыртына тұрақты көшіп кетулеріне байланысты төленген, тағы 25,2 млрд теңге (16%) – мұрагерлеріне бір жолғы төлемдер және 22,2 млрд теңге ( 14%) – зейнетақы жинақтарын сақтандыру мекемелеріне аударылған.
Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 2018 жылдың 1 желтоқсанында 9,1 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 1,4 трлн теңгеге (17%) өсті.
БЖЗҚ 11 айда зейнеткерлерге Т76,6 млрд төлеген
