Алматы. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қарашада Т177 миллиард сомаға шетелдік валютада Филиппиннің, АҚШ пен Чилидің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алды, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкі баспасөз қызметінен.
«2018 жылғы қарашада шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 233,9 млрд теңге болды, оның ішінде: жылдық 2,4% кірістілігі бар 174,1 млрд теңге сомаға АҚШ-тың қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды; жылдық 4,4% орташа алынған кірістілігі бар 2,6 млрд теңге сомаға АҚШ долларында номинирленген Филиппиннің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды; жылдық 3,8% кірістілігі бар 1,0 млрд теңге сомаға АҚШ долларында номинирленген Чилидің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды», - деп хабарлады бейсенбіде Ұлттық банктен.
Сондай-ақ, 56,1 млрд теңге сомаға «Қазатомпром» ҰАК» АҚ депозитарлық қолхаттары сатып алынды
БЖЗҚ қарашада Филиппиннің, АҚШ пен Чилидің МҚҚ-на шетелдік ваютада Т177 млрд салды
