БЖЗҚ қарашада Т462 млрд астам сомаға ЕАДБ, «ҚазАгро» және ЕДБ облигацияларын сатып алды

Күні: 13:01, 27-12-2018.

Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – Қарашада «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Т46 млрд сома көлемінде «Еуразиялық даму банкінің» (ЕАДБ), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) облигацияларын сатып алды, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«2018 жылғы қарашада теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 462,1 млрд теңгені құрады (ақша нарығының құралдарына жасалған инвестицияларды есепке алмағанда1 ), оның ішінде: жылдық 10,0% кірістілігі бар 450,0 млрд теңге сомаға «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ облигациялары сатып алынды; жылдық 9,7% кірістілігі бар 5,0 млрд теңге сомаға Еуразиялық даму банкінің облигациялары сатып алынды;  экономиканы қолдау үшін ҚР екінші деңгейдегі банктерін 200 млрд теңге сомаға қаржыландыру жөнінде жарияланған бағдарлама шеңберінде жылдық 11,4% орташа сараланған кірістілігі бар жалпы сомасы 7,1 млрд теңгеге екінші деңгейдегі банктердің облигациялары сатып алынды», - деп хабарлады бейсенбіде Ұлттық банктен.
Қаралып отырған кезеңде теңгемен бос ақшалай қаражат ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылды. Бұл ретте аталған инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.
«2018 жылғы қарашада белгіленген мерзімдерге сәйкес 12,1 млрд теңге сомаға екінші деңгейдегі банктердің облигациялары өтелді. Қаралып отырған кезеңде екінші деңгейдегі банктердің бастамасы бойынша банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес жалпы сомасы 2,9 млрд теңгеге депозиттер бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеді. Есепті кезеңде бағалы қағаздар сатылған жоқ», - деді қаржылық реттеуші.
Еске салсақ, 20 желтоқсанда Ұлттық банк Т450 млрд БЖЗҚ зейнетақы активтерін нарықтық жағдайда айналым мерзімі 15 жыл уақытпен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ облигациясына инвестициялағанын хабарлаған еді. 


Жаңалықтармен бөлісу: