Алматы. 24 мамыр. ҚазТАГ – 2019 жылғы сәуірде шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі шамамен 169 млрд теңге болды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы сәуірде шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 168,7 млрд теңге болды. Аталған көлемге жылдық 2,4% орташа алынған кірістілігі бар АҚШ Үкіметінің МБҚ-сы сатып алынды», - деп хабарлады жұмада Ұлттық банктен.
Қаржылай реттеуші нақтылағандай, 2019 жылғы сәуірде бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес тиісінше 94,6 млрд теңге және 3,9 млрд теңге сомаға АҚШ Үкіметінің МБҚ бойынша негізгі борыш және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ негізгі борышы өтелді.
БЖЗҚ сәуірде шетел валютасымена Т169 млрд инвестициялады
