БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша қаңтар-қыркүйектегі нақты кіріс 4,45% құрады

Күні: 15:46, 31-10-2018.

Алматы. 31 қазан. ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) АҚ нақты кірісі ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 4,45% өсті, деп хабарлады қор басқармасының төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева.
«2018 жылдың тоғыз айында таза инвестициялық кіріс сомасы  Т623,6 млрд. құрады. Салымшылардың шотына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің (атаулы – ҚазТАГ) кірісі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 қыркүйегі аралығында  7,75% құрады, ал инфляция деңгейі 3,3%. Яғни осы кезең ішінде зейнетақы активтері бойынша атаулы кіріс  4,45% құрады», - деді  С. Егеубаева сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.  
Оның ақпарынша, жылдық мәнде (2017 жылдың 1 қазанынан бастап 2018 жылдың 1 қазаны аралығында) қордың зейнетақы активтерінің кірістілігі 9% құрады, ал осы кезеңдегі инфляция деңгейі 6,1% болды.


Жаңалықтармен бөлісу: