БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің үштен бірі шетелдік валютада номинирленген

Күні: 12:49, 27-12-2018.

Алматы. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің үштен бірі шетелдік валютада номинирленген, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 135,2 млрд теңгені, оның ішінде теңгемен номинирленген ақша қаражаты мен қаржы құралдары 6 287,8 млрд теңгені немесе 69,0%-ды, шетел валютасында номинирленген ақша қаражаты мен қаржы құралдары 2 847,4 млрд теңгені немесе 31,2%-ды құрады», - деп хабарлады бейсенбіде Ұлттық банктен.
Қаржылай реттеуші түсіндіріп өткендей, БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес олардың сақталуын және кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық портфельді әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының әр түріне инвестицияланады.
«БЖЗҚ-ның теңгемен номинирленген зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады. 2018 жылы аталған Кеңес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу, портфельді әртараптандыру үшін шетел валютасын сатып алу, халықаралық қаржы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, екінші деңгейдегі банктердің және басқа да корпоративтік қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарын сатып алу сияқты БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттарын мақұлдады», - деді ҰБ.
Еске салсақ, бұған дейін ҚазТАГ ХАА «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ зейнетақы активтері портфелінің жалпы көлемінен 1 қарашада 77,5%-ын қазақстандық эмитенттердің қаржылай құралдары құраған, 22,5% – шетелдік эмитенттер. 2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша зейнетақы активтері портфелінің көлемі Т9,05 трлн. құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: