Cәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Cәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстігі мен шығысында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жауын-шашын түседі (көбіне жаңбыр жауады). Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Шығыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +12+14, түнде 0+2.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +16+18, түнде +2+4.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+17, түнде +7+9.
Шығыс Қазақстан облысында нөсер жаңбыр жауады, тұман түседі. 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +9+14, түнде -1-6.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +2+7.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +2+7.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +6+11.
Жамбыл облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде +1+3 үсік жүреді, 15-23 м/с шаңды дауыл соғады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +12+17, түнде +2+7.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде 0+5.
Түркістан облысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +15+20, түнде +7+12.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. 15-23 м/с жел тұрады. Төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +16+21, түнде +6+11.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +16+21, түнде +2+7.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +14+19, түнде +1+6.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. 15-20 м/с жел тұрады. Топырақ бетінде +1+3 үсік жүреді. Күндіз +7+12 (оңтүстігінде +18), түнде +1+6 (+3 үсік).
Алматы облысында жауын-шашынсыз. +3 үсік жүреді. Күндіз +15+20, түнде +2+7.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +18+23, түнде +10+15.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде 0-5.
«Алдағы тәулікте жауын-шашын түсуі салдарынан, республиканың шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады, оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы өзендерде судың құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер

adimage