Cәрсенбі күні Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын күтіледі

Астана. 13 наурыз. ҚазТАГ – Cәрсенбі күні Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстік-батысында және солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашынды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте төменнен сырма соғады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -6-8, түнде +2+4.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0, күндіз +10+12.
Шымкентте бұлтты, 2-6 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+20, түнде +3+5.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, түнде және ертеңгісін көктайғақ, төменнен сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз 1+6, түнде 0-5
Ақмола облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-22 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде -4-9.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-22 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -3+2.
Алматы облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады. Күндіз +9+14, түнде -1+4.
Атырау облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде 0+5.
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде 0-5.
Батыс Қазақстан облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +13+18, түнде +1+6.
Қызылорда облысында да кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +15+20, түнде -1+4.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде -5-10.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +3+8, түнде -3-8.
Түркістан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +15+20, түнде +3+8.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +14+19, түнде +4+9.
«Алдағы тәулікте ауа температурасының көтерілуіне және оң ауа температурасының сақталуына байланысты республиканың батысында, ортаығы мен солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі жалғасады, қар суы мен ағын сулар қалыптасады деп күтілуде», - деді синоптиктер.

adimage