Cейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашындатып, тұманды болады деп күтілуде

Күні: 09:19, 21-10-2014.

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашындатады, оңтүстігі мен оңтүстік шығысында нөсерлетіп, кей жерлерінде көктайғақтанып, тұман түседі, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада жұма күні көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең кейде қар жауады, көктайғақ, солтүстік-батыстан соққан 9-14 м/с жел оңтүстік-батыс бағытына ығысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с болады, түнде ауа температурасы -2-4, күндіз 0 градус шамасында.
Алматыда ала бұлтты, кейде жауын жауады, оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел тұрады, екпіні 13 м/с болады, ауа температурасы түнде 11+13, күндіз +15+17°С болады.
Қостанай облысында кей жерлерінде жауын жауады, көктайғақтанады, кей жерлерінде 17-22 м/с жел тұрады, күндіз -3+2°С.
Солтүстік Қазақстан облысында аздап қар жауады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерінде 25 м/с, кей жерлерінде сырма соғып, көктайғақтанады, күндіз 0-5°С.
Павлодар облысында кей жерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде 17-22 м/с жел тұрады, кей жерлерінде 27 м/с болады, күндіз 0-5°С. Ақмола облысының кей жерлерінде қар жауады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, ауа температурасы -2+3°С.
Қарағанды облысында аздап жауын жауады, түнде кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерінде 25 м/с, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерінде көктайғақ, ауа температурасы +3°С. Шығыс Қазақстан облысында аздап жауын жауады, кей жерлерінде 15-22 м/с жел тұрады, күндіз +7+12°С.
Алматы, Жамбыл облыстарында аздап жауын жауады, сондай-ақ осы өңірдің кей жерлерінде тұман түседі, кей жерлерінде 15-23 м/с жел тұрады, күндіз сәйкесінше, +13+18 және +12+17°С. Оңтүстік Қазақстан облысында аздап жауын жауады, кей жерлерінде 17-22 м/с жел тұрады, тау асуларында екпіні 25 м/с, күндіз +7+12°С. Қызылорда облысында жауын жаумайды, ауа температурасы +15°С.
Ақтөбе облысында кей жерлерінде жауын жауады, кей жерлерінде тұман түседі, 15-23 м/с. жел соғады, күндіз +2+7°С. Батыс-Қазақстан, Атырау облысының кей жерлерінде жауын жауады, Маңғыстау облысында аздап қар жауады, осы өңірлердің кей жерлерінде 15-22 м/с жел тұрады, күндіз сәйкесінше, +3+8, +9+14 және +8+13°С.
Жақын күндері Ертіс өзенінде Семиярскі селосынан төмен су деңгейі көтеріледі, себебі Шүлбі су қоймасынан су ағызу артады.
Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысындағы өзендердегі гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Солтүстіктегі өзендерде су одан ары салқындай түседі.


Жаңалықтармен бөлісу: