Cейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Cейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«18 наурызда түнде және таңертең Ақмола облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с. Көкшетау қ.: 18 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с», - делінген дүйсенбідегі дауылды ескертуде.

18 наурызда күндіз Алматы облысының шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 17-22 м/с. Қонаев қ.: 18 наурызда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 17-22 м/с. 2025 жылдың 18-20 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

«18 наурызда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел тұрады, Алакөл көлдері ауданындағы желдің екпіні 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. 2025 жылғы 18-20 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарлауына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады», - делінген хабарда.

18 наурызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 18 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Павлодар облысында 18-20 наурыз аралығында ауа температурасының күндіз 8-16-ға дейін, түнде 0-5-ке дейін және жаңбыр түрінде жауын-шашынның болжамына байланысты, қар жамылғысының қарқынды еруі, еріген қар суы ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі, облыстың өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар сулармен су басуы мүмкін.

«18 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі», - деді гидрометеорологтар.

18 наурызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

«2025 жылғы 17-20 наурыз аралығында Ақтөбе облысында температуралық фонның көтерілуіне және қардың қарқынды еруіне байланысты еріген қар ағыны мен мұз құбылыстарының әлсіреуі қалыптасты. Барлық өзендер бойынша су деңгейлер көтеріле бастады және қауіпті деңгейлерге жетуі мүмкін. Ақтөбе қаласы бойынша, сондай-ақ Ақтөбе облысының барлық аудандары бойынша (Байғанин, Мұғалжар, Ойыл, Шалқар, Темір, Қобда, Мәртөк, Хромтау, Қарғалы, Алға, Ырғыз және Әйтеке би аудандарында) еріген су тасқыны болуы мүмкін. Ескертпе: өзендерде қар қарқынды жауған және деңгейлер көтерілген кезде Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының барлық аудандары бойынша орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін», - делінген хабарда.

18 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында 18-20 наурыз аралығында ауа температурасының түнде 3 аяз-2 жылыға дейін (облыстың шығысында 8 аязға дейін), күндіз 7-15 жылыға дейін дейін (облыстың шығысында 0-5 жылыға дейін) одан әрі жоғарылауы болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындары қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.

«Абай облысында 18-20 наурыз аралығында ауа температурасының түнде 2 аяз-5 жылыға дейін, күндіз 5-13 жылыға дейін (оңтүстік аудандарда 16 жылыға дейін) одан әрі жоғарылауы болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындары қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін», - делінген дауылды ескертуде.

18 наурызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі.

«18 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с», - деді «Қазгидромет».

18 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде жаңбыр, облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде түнде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 18 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаңбыр күтіледі. Тұман.

 «18 наурызда Қостанай облысында түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Костанай қ: 18 наурызда түнде жаңбыр күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

18 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 18 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаңбыр күтіледі. Тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

adimage