Астана. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Cейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында, орталығында тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, жауын-шашын түседі (көбіне жаңбыр жауады). Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +14+16, түнде +5+7.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +16+18, түнде +5+7.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады. Шығыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+20, түнде +8+10.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, түнде тұман түседі. 15-25 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде 0+5.
Ақмола облысында өткінші жаңбыр жауады. 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде +4+9.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +19+24, түнде +2+7.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +4+9.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, түнде +1+3 үсік жүреді, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +13+18, түнде +1+6.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде аздаған жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +9-14, түнде +4+9.
Түркістан облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, 15-23 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +7+12.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. 15-23 м/с жел тұрады, топырақ бетінде +1+3 үсік болады. Төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +2+17.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +18+23, түнде 0+5.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. Күндіз +14+19, түнде +1+6.
Қарағанды облысында жаңбыр жауады. 15-20 м/с жел тұрады. Топырақ бетінде +1+3 үсік жүреді. Күндіз +10+15 (оңтүстігінде +18), түнде +2+7 (+1+3 үсік).
Алматы облысында жауын-шашынсыз. +1+3 үсік жүреді. Күндіз +14+19, түнде +3+8.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +18+23, түнде +8+3.
Павлодар облысында жаңбыр жауады. 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде +3+6.
«Алдағы тәулікте жауын-шашын түсуі салдарынан, республиканың шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады, оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы өзендерде судың құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумаағында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі28 Наурыз 2024, 10:17
-
Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Қытайға келді28 Наурыз 2024, 09:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын күтіледі28 Наурыз 2024, 09:03