Cейсенбі күні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Күні: 09:25, 12-03-2019.

Астана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Cейсенбі күні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстік-батысында тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашынды, батысында көбіне жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстіктен бұрқасын соғады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі, көктайғақ. Оңтүстіктен, Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде -8-10.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +9+11, түнде 0+2.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +15+17, түнде +2+4.
Алматы облысында жауын-шашынсыз ауа рйаы күтіледі, түнде және ертеңгісін кей жерлерде - тұман, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде -2+3.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде – тұман, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -1+4, түнде 0-5
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, 17-22 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -8-13.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде 0+5.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +11+16, түнде 0-5.
Түркістан облысында да жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз +13+18, түнде +1+6.
Қызылорда облысында да жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +13+18, түнде -2+3.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде – тұман. Күндіз +15+20, түнде +2+7.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде -7-12 (оңтүстігінде -3).
Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -3+2, түнде -3-8.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3+2, түнде -5-10.
Ақтөбе облысында да жуын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде 0-5.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде 0+5.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, батысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі жалғасады, қар суы мен ағын сулар қалыптасады деп күтілуде», - деді синоптиктер.



Жаңалықтармен бөлісу: