ConocoPhillips мұнайға әлемдік сұраныстың өсетінін болжап отыр

Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – ConocoPhillips мұнай-газ барлаушы компаниясы мұнайға деген әлемдік сұраныс тәулігіне 100 млн баррельге дейін өседі деп болжайды, деп хабарлады  Reuters-ке сілтеме жасаған FX Empire.
«ConocoPhillips, мұнай мен газды барлау бойынша тәуелсіз компания, ол мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 100 млн баррельге дейін өседі және ары қарай өсе береді деп болжайды», - делінген хабарда.  
Бұл ретте атап  өтілгендей, бұл компанияның болжамы BP Plc.болжамына қарама-қайшы болып отыр.
«Бұл көзқарас BP Plc компаниясының көзқарасына қайшы болып отыр. Ол компания коронавирус пандемиясы энерготасымалдағыштардың жаһандық сұранысына ұзақмерімді ықпал етеді деп санайды, осылайша келесі жылы жағдай барынша тұрақсыз болады деп отыр», - деді ConocoPhillips бас вице-президенті Доминик Маклон.

adimage